Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашатын болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген Ақорданың хабарламасында.