Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кедендік ынтымақтастық: Тоқаев заңға қол қойды
Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Қазақстан мен Пәкістан арасында кеден саласында ынтымақтастық артады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, осыған дейін Құрылтай Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдаған. Ал бұл құжатқа 2026 жылдың 4 ақпанында Исламабадта қол қойылған.