Осыған дейін 86 жастағы қарияның мәйіті аулалардың бірінен табылған
Қостанай қаласында 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім қолға түсті. Бұл мәліметті облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, 86 жастағы қарияның мәйіті аулалардың бірінен табылған. Марқұмның пышақ жарақатынан көз жұмғаны белгілі. Күдікті ретінде ұсталған бозбала уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, 30 қазан күні Көбеев көшесінде зейнеткердің көз жұмғаны хабарланған. Ақсақал серуендеп сыртқа шыққанда белгісіз біреу шабуыл жасаған. Мәліметтерге сүйенсек, пышақ марқұмның тамағына кірген.