Кей аймақтарда көктайғақ болып, өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады
5 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, тұман, көктайғақ, қатты жел мен үсік жүретінін болжады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында өрт шығу қаупі жоғары. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болып, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел батыс желіне ауысады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Өңірдің басым бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Алматы қаласында да өрт қаупі жоғары.
Қонаевта солтүстік-шығыстан соғатын жел батыс желіне ауысып, екпіні кей уақыттарда 15–20 м/с-қа жетеді. Қалада өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында, соның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде де желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Алакөл көлдері маңында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыста өрт қаупі жоғары, ал шығысында төтенше деңгейде сақталады. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман түсіп, өрт қаупі жоғары болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысы мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары. Таразда да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең таулы әрі тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өрт қаупі жоғары. Шымкентте түнде және таңертең тұман түсіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Түркістан қаласында да өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік жүреді. Өңірде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, ал солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Ақтөбе облысының батысында 5 қарашада күндіз қатты жаңбыр жауады. Сол күні оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с-қа жетеді.
6 қарашаға қараған түні жаңбыр мен қар жауып, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ жүреді. 6 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақтөбе қаласында 5 қарашада күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с болады. 6 қарашаға қараған түні жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с болады. Облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Қалада өрт қаупі төтенше деңгейде.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23–28 м/с болады. Өңірде өрт қаупі жоғары, ал орталығында төтенше деңгейде сақталады.
Ақтауда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с болады. Қалада өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, ал батысы мен солтүстігінде 23–28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Орал қаласында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.