Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ орнайды
«Қазгидромет» алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, бірқатар өңірде қар жауатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон ығысып келеді. Соның әсерінен алдағы үш күнде алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерде күн суытады.
«Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ орнайды. 5-6 қараша күндері еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Сол сияқты 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде де қатты жаңбыр жаууы мүмкін», – делінген синоптиктердің болжамында.
Ауа температурасы мынандай болмақ: