«Бүкіл «КНБ» мені таниды»: Атырау облысында өздерін «террорист» деп атаған 2 әйел ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Олар тікелей эфирге шығып, әтір жарнамалап отырған 

Фото: скриншот

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде 38 және 39 жастағы екі әйел ҰҚК-нің атына кір келтіріп, бірі өзін «террорист» деп атаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел «20 жылдан бері террористпін. Бүкіл «КНБ» мені таниды. Өздері қарап отыр бізді, тізімде бірінші тұрмын», - деген.

Артынша олардың екеуін де полиция алып кетті.

«Оларға қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контентті тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.

Әкімшілік істердің материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар, әйелдер теологтың профилактикалық әңгімесін тыңдаған. Полиция оларға заң талаптарын, қоғамдық тәртіп нормаларын түсіндірген.