Бүгін, 12:11
Жаңалықтар
Есірткі салынған 100-ден аса капсуланы жұтып алған: Қазақстанда Иран азаматы 10 жылға сотталды
Сотталған шетел азаматы кәмелеткен толмаған болып шықты
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында есірткі контрабандасы қылмысына қатысы бар деген айыппен Иранның 18 жасқа толмаған азаматы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол биыл «Горган – Ақтау» әуе рейсімен ұшып келген. Ұшаққа отырар алдын 1 келіден аса апиын салынған 113 капсуланы жұтып, асқазанына салып жеткізген. Осылайша шетел азаматы есірткіні Қазақстанда сатпақ болған.
Маңғыстау облысында ҰҚК қызметкерлері шетел азаматының жымысқы ойын бірден әшкере етті.
«Үкім заңды күшіне енді. Есірткі қылмысы үшін 5-20 жыл аралығында жаза қолданылады», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды