Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері 80-ге жуық ұйымды лицензиясынан айырды
Олардың арасында стоматологиялық клиникалар да бар
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті биыл 9 ай ішінде 78 медициналық ұйымды лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижелеріне сәйкес заң бұзған медициналық ұйымдардың лицензияларын сот тәртібімен қайтару рәсімі басталды. Соның нәтижесінде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясын кері қайтарды.
«Бұл жұмыс науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және мамандардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған», – делінген министрлік хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсету барысында заң талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтау қажет екенін ескертті.