96 балаға тиесілі 9 млн теңгеге жуық ақша берілмеген
Түркістан облысында шенеуніктер мүгедек балаларға тиісті көлемде жәрдемақы бермей келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Отырар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиесілі көмекті толық көлемде бермей келген.
«Аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес, І, ІІ және ІІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалған. Алайда талдау нәтижесінде 2023-2025 жылдар аралығында 96 балаға белгіленген 4 АЕК-тің орнына 3 АЕК мөлшерінде қаржы төленгені анықталған», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Соның салдарынан 96 балаға тиесілі 9 млн теңгеге жуық ақша берілмеген. Прокурорлардың араласуынан кейін балаларға тиесілі қаржы толық көлемде төленді.