Атырауда өзен жағасында шыққан қамыс өрті толық сөндірілді
Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне өрт туралы хабарлама түнде түскен
Атырау қаласы Дамба ауылы маңында Орал өзенінің жағалауында тұтанған қамыс өрті 1 гектар аумақта толық ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне өрт туралы хабарлама түнде түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт ошағының автокөлікпен жетуге қиын, сулы-батпақты аумақта орналасқаны анықталды.
Арнайы өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдар болмағандықтан, өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жалынның одан әрі таралуына жол бермей, 1 гектар аумақтағы өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, ғимараттар да зақымданбаған.