Алматыда түнгі дрифт ұйымдастырған жүргізуші қамауға алынды

Құқық бұзушы көлік басқарудан шеттетіліп, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды

Алматыда түнгі дрифт ұйымдастырған жүргізуші қамауға алынды
Фото: скриншот

Алматы қаласы Бостандық ауданының «Мирас» шағынауданында түнгі уақытта қауіпті маневрлер жасап, тұрғындардың тыныштығын бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп бұзушы Садықов көшесіндегі қоғамдық аумақта автокөлікпен жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Түнгі уақытта дрифт ұйымдастырған жүргізушінің әрекетін Бостандық аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жедел анықтады. Құқық бұзушы көлік басқарудан шеттетіліп, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Ер адам жасаған құқық бұзушылықтарының жиынтығы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.