Алматыда көлігінің терезесінен тапанша шығарып, автобусқа қаратқан адам елді шошытты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында автокөлігінің терезесінен тапанша шығарып, автобусқа қаратқан адам елді шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 қазан күні сағат 15:45 шамасында Райымбек және Жетісу көшелерінің қиылысында болған.

«Жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері Jetour маркалы автокөлікті және 1988 жылы туған жүргізушіні анықтады. Көлікті тексеру кезінде пластиктен жасалған ойыншық тапанша табылды. Белгілі болғандай, ол затпен көлік ішінде отырған жүргізушінің кәмелетке толмаған ұлы ойнаған», – делінген ПД хабарламасында.

Дегенмен полиция қызметкерлері ұлының жүріп бара жатқан көліктен қолын шығарғаны үшін әкесін жауапқа тартты.