Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Бірқатар өңірде ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейді
30 қазанда Қазақстан аумағында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз ауа температурасы +1...+20 градус аралығында болса, түнде кей өңірлерде -9 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнгі ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
Ақтөбеде күн ашық. Түнде ауа температурасы -4...-6 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпін алады. Түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Тұман түседі. Түнгі ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Қызылордада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +16...+18 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодарда бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнгі ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Семейде бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -7...-9 градусқа дейін суытады, күндіз +13...+15 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Өскеменде бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +1...+3 градус болады.