Жарылыстан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
Атырау қаласында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға Авангард-2 шағынауданында болған. Абырой боланда газ-ауа қоспасынан туындаған жарылыстың арты өртке ұласпаған. Апат орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті.
Жарылыстан 12 метр қашықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің терезелері сынып, қасында тұрған екі көлік бүлінген. Сол сияқты бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жарылыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.