Күдіктінің осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды
Алматыдағы мешіттердің бірінде ер адамның Samsung телефонын ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуезов ауданының полициясы жедел іздеу шараларын өткізіп, күдіктіні қолға түсірді. Ер адам ұрлығын мойындады.
«Күдікті осыған дейін бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды», – делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада ер адамның мешітте намаз оқып отырған адамның телефонын ұрлап кеткені хабарланған.