Оның тікелей эфирдегі бейәдеп сөздері полиция қызметкерлерінің назарын аударды
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ер адам тікелей TikTok-та тікелей эфирде отырып, балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның тікелей эфирдегі бейәдеп сөздері полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Ол Сарыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен оған айыппұл салынды.
«Әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау қажет. Әдепсіз сөздер мен өзге де заңға қайшы әрекет жасағандар жауапқа тартылады», – деп ескертті полиция.