Өскеменде жеңіл көлік пен жедел жәрдем бетпе-бет соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жол апатынының салдарынан бір адам зардап шекті

Фото: Видеодан скрин

Өскеменде автомобиль мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалды. Оқыс жағдайға қатысты Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі дәрігерлерге жол бермеген.

«Өскеменде 2026 жылдың 27 қазаны күні сағат 09:30 шамасында Әуезов пен Жеңіс даңғылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. «ГАЗ-A31R23» маркалы жедел жәрдем мен Toyota Camry көліктері соқтығысып қалды», – делінген ПД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі бағдаршамның қызыл белгісінен өтіп бара жатып, қарсы беттегі көліктердің жол бермегенінен назар аудармаған. Соның салдарынан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан бір жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне мәжбүр болды.