Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты: 28 қазанда ауа райы қандай болады?

Кей қалаларда тұман түсіп, Қызылордада шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы −8 градусқа дейін төмендейді

Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты: 28 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com

28 қазанда Қазақстанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашынсыз болады. Кейбір қалаларда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5…+19 градус аралығында болады, ал түнде кей жерлерде −8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5 градус, күндіз +17…+19 градус болады.

Ақтөбеде күн ашық болады. Ауа температурасы түнде −3…−5 градус, күндіз +14…+16 градус болады.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6 градус, күндіз +17…+19 градус болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −2…−4 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −2…−4 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

Қызылордада аздаған бұлт болады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +14…+16 градус болады.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +7…+9 градус болады.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −2…−4 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −5…−7 градус, күндіз +5…+7 градус болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −6…−8 градус, күндіз +13…+15 градус болады.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −3…−5 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −2…−4 градус, күндіз +13…+15 градус болады.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде −5…−7 градус, күндіз +5…+7 градус болады.