Щучинскіде өзін жайсыз сезінген 1941 жылғы қария құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Үйдің ішінен еденде жатқан 85 жастағы қария табылды

Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында құтқарушылар 1941 жылы туған қарияға шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне есікті өз бетінше аша алмай, өзін жайсыз сезініп тұрғанын хабарлаған тұрғыннан шақырту түскен.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл түрде жеткен.

Құтқарушылар арнайы альпинистік жабдықтарды пайдаланып, балкон арқылы пәтерге кірді. Іштен еденде жатқан 85 жастағы қария табылды. Белгілі болғандай, ол төсектен құлап, өздігінен қайта тұра алмаған. Құтқарушылар қарияны жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды.