Қазақстанның солтүстік өңірінде бұршақ жаууы мүмкін – Қазгидромет

Автор: Azattyq Rýhy

2020 жылғы 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден

Аптаның бірінші жартысында болады деп болжанған оңтүстік циклон Қазақстанға әсерін тигізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, солтүстік және солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы ықтимал. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Тіпті, бұршақ жауады деген болжам бар.

Солтүстікте түн мезгілінде ауа температурасы 7 мен 15 аралығына дейін, күндіз 15 пен 20 аралығына дейін төмендейді.