$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2020, 12:22
Жаңалықтар

Қытай елшілігі Абай күнінде «Көзімнің қарасы» әнін орындады

Бүгін – ұлы ақынның туған күні

Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас елшілігінің қызметкерлері Абайдың 175 жылдығына орай  «Көзімнің қарасы» әнін орындап, ұлы ақынға деген құрметтерін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Абайдың әнін орындау арқылы олар Қазақстан мен Қытай арасындағы дәстүрлі достықтың нышанын білдіргілері келген.

«Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, философы, ойшылы. Ол тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, әлемге әйгілі тұлға. Оның әдеби шығармалары терең философиялық мағынаға ие,  ақынның сенімі мен ғылымға деген ұмтылысы, шыншылдығы барша адамзаттың игілігіне айналды. Бүгінгі ерекше күні ҚХР Алматыдағы елшілігі қазақстандық достарына жақсы тілектерін білдіріп, COVID-19 вирусын түбегейлі жеңуді тілейді»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап 10 тамыз Қазақстанда Абай күні болып жарияланды.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Абай 175 #елшілік