Пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты
Шымкентте Республика күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №22 авариялық үйде тұрған 7 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Тұрғындарды қоныстандыру Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасы мен қалалық реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Тұжырымдама іске асырыла бастағалы бері 135 отбасы жаңа баспанамен қамтылды. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы заманауи тұрғын үй кешендерінен берілді. Баспаналар толық әрленіп, тұруға дайын күйде тапсырылған. Сонымен қатар бұрынғы пәтерлердің ауданы мен бөлме саны ескерілген.
Көксай аумағын жаңарту жобасы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды көздейді.