Қазақстанның бес облысында 23 қазан күні кешке ауа райының нашарлауына байланысты жазғы шинамен жүрген көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
Қозғалысты 24 қазан күні таңғы сағат 06:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Павлодар облысында сағат 21:00-ден бастап барлық бағыт бойынша қозғалыс шектеледі.
Қарағанды облысында сағат 21:00-ден бастап екі учаскеде шектеу енгізіледі:
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» тасжолының 1066–1135-шақырымы – Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін;
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» тасжолының 231–324-шақырымы – Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейін.
Ақмола облысында сағат 21:00-ден бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» тасжолының 159–200-шақырымында, Ерейментаудан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Абай облысында сағат 21:00-ден бастап «Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» тасжолының 587–733-шақырымында, Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі учаскеде қозғалысқа шектеу қойылады.
Сағат 21:30-дан бастап Абай облысында тағы төрт учаскеде қозғалыс шектеледі:
- «Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» тасжолының 910–1105-шақырымы – Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» тасжолының 971–1013-шақырымы – Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- осы тасжолдың 778–968-шақырымы – Аягөзден Қалбатау ауылына дейін;
- «Өскемен – Семей» тасжолының 103–198-шақырымы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семейге дейін.
Шығыс Қазақстан облысында сағат 21:30-дан бастап мына учаскелерде қозғалыс шектеледі:
- «Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы» тасжолының 1105–1256-шақырымы – Абай облысының шекарасынан Зайсанға дейін;
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» тасжолының 1013–1062-шақырымы – Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін;
- «Өскемен – Семей» тасжолының 12–45-шақырымы – Қазақ ауылына бұрылатын жерден Таврия ауылына дейін;
- осы тасжолдың 48–103-шақырымы – Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін.
Жолдардың ашық немесе жабықтығы туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.