Қазіргі уақытта жанжалдың екі қатысушысы да Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді
Алматының Медеу ауданында интимдік қызмет көрсететін бойжеткенмен кездескен ер адам соққыға жығылғанын айтып, полицияға арызданды. Төтенше оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қонаев көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде болған. «102» арнасына пәтерде төбелес пен жанжал шыққаны туралы шұғыл хабарлама түседі. Шақырту бойынша оқиға орнына «Буран-636» патрульдік полиция экипажы жіберілді.
Ер адамның айтуынша, интимдік қызмет көрсеткен бойжеткен араларындағы келіспеушіліктен кейін оның басынан ағаш затпен ұрған. Осыдан соң қыз оқиға орнынан қашып, ер адам оның соңынан қуған.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз Мәметова көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында ұсталды.
Өз кезегінде ұсталған бойжеткен ер адамның көшеде өзіне тиісіп, соңынан қалмай жанжал шығарғанын, сол себепті өзін қорғау мақсатында соққы жасағанын алға тартты.
Қазіргі уақытта жанжалдың екі қатысушысы да Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның нақты мән-жайы мен жанжалдың шығу себептерін анықтап жатыр.