Таныстар арасындағы кездесу жанжалға ұласып, артынша төбелесіп кеткен
Павлодар облысында 34 жастағы ер адам төбелескені үшін қоғамдық жұмысқа жегілген. Алайда ол өзіне міндеттелген жұмысқа бармай қойғаны үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ҚАЖД мәліметінше, екі таныс арасындағы кездесуге жанжалға ұласқан. 34 жастағы ер адам танысын мұрнынан ұрып құлатқан.
Олардың ісі сотқа жетіп, 34 жастағы ер адамның кінәсі дәлелденген. Ал жаза ретінде 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілген.
Бұл жаза оның қоғамнан оқшауланбай, қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік берген. Алайда ол өзіне жүктелген жазаны орындаудан бас тартқаны үшін бас бостандығынан айырылып, түрмеге қамалды.