Үш қалада көлікті автосалонда тіркетуге болады

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада ресімделетін автокөліктің 30%-і автосалоннан сатып алынады

Фото: ашық дереккөзден

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдейтін болды деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

«Апта басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. Ішкі істер министрлігіне цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министр Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз. Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-і автосалоннан сатып алынатынын көрсетті. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық. Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады«», – деді Бағдат Мусин.