Әншінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мейрамбекқызын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Жұрт тараған соң, Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы Ұлтай әжеміздің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көріп, жүрегім елжіреді. Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен. Артында осындай иманды, парасатты ұрпақ қалдырған Ұлболсын әжеміздің жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болсын! Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін! Ана жүрегі балам деп соқса, бала жүрегі анам деп мәңгі соғады», – деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, пікір қалдырды.
«Апаны ерекше жақсы көретін еді, жалған дүние-ай! Иманды болсын апамыз!», «Әдемі қарттық бұйырған асыл Ана! Дана әже, бақытты жан! Алла Тағала өз рақымына алсын, мәңгі мекені жұмақ болсын! Ақ батасы аузында, жүзі жарқын, мейірімді әже еді», «Анадан айырлу қиын екен, жасым 68-де болса да анамды сағынып жүрмін. Сәкенді түсініп отырмын. Алла панасына алсын!» – деп жазды желі қолданушылары.