ASTANA WINTER PARK мұз айдынының ұзындығы 1,4 шақырым болмақ
Астана қаласының қақ ортасында Abu Dhabi Plaza кешенінің жанындағы Желілік саябақта алып мұз айдыны ашылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, ASTANA WINTER PARK мұз айдынының ұзындығы 1,4 шақырым болмақ.
«Бұл жай ғана дәстүрлі мұз айдыны емес, ұзындығы 1,4 шақырымға созылатын, бір-бірімен байланысқан мұз жолдарының тұтас жүйесі болмақ. Мұз жамылғысының жалпы ауданы шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды. Жоба Еуропа қалаларындағы мұз саябақтарының тәжірибесіне негізделген. Мұнда келушілер коньки теуіп қана қоймай, мұз жолдарымен серуендей алады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Мұз айдынының аумағын көркейту үшін жылы павильондар, конькиді жалға беретін орындар т.б. қарастырылған.