Олардың биліктің әрекетіне көңілі толмайды
Бейрутта наразылыққа шыққан халық Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына басып кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«Шеруге 5-7 мың адам шыққан. Олар биліктің жарылыстан кейінгі әрекетіне наразы. Наразылық кезінде қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапқан. Ал парламент ғимаратынынң алдына арнайы бөгет қойылды», - деп жазылған ақпаратта.
Ондаған адам президент Мишель Аунның портретін өртеп жіберді. Наразылықтан кемінде 170 адам зардап шеккен.