Қазақстанның бірқатар өңірінде құрылыс қарқыны артты

Ал Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген

Қазақстанның бірқатар өңірінде құрылыс қарқыны артты
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда құрылыс қарқыны 11,5%-ға артты. Өсім елдің 17 өңірінде тіркелген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсімі Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалған.

Ал Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

«Сонымен қатар, елде тұрғын үй құрылысы да жалғасып жатыр. Биыл 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға көп. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші Алматы, Маңғыстау, Павлодар және Жетісу облыстарында жоғары болған», - деді министр.