Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Автор: Алмас Ерсін

Тоқаев пен Бельгия королі екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

Фото: Ақорда

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады», – деді Президент.

Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.

«Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін», – деді Король Филипп.