Германиядан келген туристер Қазақстанда қиындыққа тап болғанын айтты

Оларға полиция көмекке келген

Германиядан келген туристер Қазақстанда қиындыққа тап болғанын айтты
Фото: gov.kz

Германиядан келген туристер Қазақстанда болу мерзімін асырып алғаннан кейін шығу визасын рәсімдеу үшін Атырау облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары шетелдіктерге қажетті құжаттарды қалпына келтіруге және шығу визасын дайындауға көмектескен. Барлық рәсімдер бір тәулік ішінде аяқталған.

Германия азаматтары көрсетілген қолдау мен жедел әрекет үшін Қазақстан полициясының қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Көші-қон қызметі өз кезегінде өтініштерді уақтылы қарауға және мемлекеттік қызметтерді заңнамаға сәйкес сапалы көрсетуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.