Қауіпті ауа райы жақындап келеді: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кей облыстарда өрт қаупі сақталады

Қауіпті ауа райы жақындап келеді: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның 15 облысында 11 қазанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері маңында екпіні 17-22 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында тұман түседі деп күтілуде.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Өскемен қаласында тұман түседі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында және Семей қаласында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және Павлодар қаласында тұман күтіледі.