Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Рейтингтің көш басында Қытай, АҚШ және Үндістан тұр
World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде Қазақстан 100 елдің ішінде 34-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еліміз бұл тізімде Дания (36-орын), БАӘ (37-орын), ОАР (38-орын), Норвегия (39-орын), Сауд Арабиясы (40-орын), Пәкістан (42-орын) және Иран (46-орын) сияқты бірқатар мемлекетті артта қалдырды.
Аталған рейтинг елдердің экономикалық және саяси ықпалы, көшбасшылық қабілеті, халықаралық одақтастықтары мен әскери әлеуеті сияқты көрсеткіштерді ескере отырып, олардың әлемдік деңгейдегі қуаты мен салмағын айқындайды. Осылайша, мұнда мемлекеттің тек экономикалық ауқымы ғана емес, жаһандық сахнадағы беделі мен ықпалы да бағаланады.
Рейтингке енген посткеңестік елдердің арасында Қазақстан тек Ресейден (11-орын) кейін тұр. Ал Украина (51-орын), Литва (56-орын), Беларусь (57-орын), Өзбекстан (71-орын), Латвия (74-орын), Эстония (75-орын), Армения (80-орын) және Грузиядан (91-орын) жоғары нәтиже көрсетті.
Рейтингтің үздік үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан жайғасты. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия енді.
Қазақстанның 34-орынға тұрақтауы — елдің ықпалы мен әлеуетін саралайтын халықаралық бағалау аясындағы елеулі жетістіктердің бірі саналады.