Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрі бір қайтыс болды

Ол алған ауыр жарақатынан 8 қазан күні аурухана төсегінде көз жұмды

Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрі бір қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласында 30 қыркүйек күні 22 жастағы ер адам пойыз астына түсіп, бір аяғынан айырылды. Өкінішке қарай, ол бірнеше күннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаны Көліктегі Полиция департаменті растап, қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта мән-жайды толығымен анықтау үшін тиісті тергеу ісі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, Денсаулық сақтау департаменті облыстық ауруханаға ер адам ауыр жағдайда түскенін растаған. Оның түрлі жарақат алғаны айтылып, сол аяғының табан бөлігін ампутациялаған.

Науқасқа жедел түрде ота жасалды, кейіннен тағы хирургиялық көмек көрсетілді. Науқасқа дәрігерлер тарапынан барлық көмек көрсетілген. Алайда ол алған ауыр жарақатынан 8 қазан күні көз жұмды.