Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі трагедиядан кейін қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде оқу-жаттығу өткізіліп, 14 сарбаз суға кеткен. Арнайы құрылған комиссияның есебінде оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктер айтылған. Осыдан кейін президент Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жасап, екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан.