Каспий теңізіндегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Қайғылы оқиғадан кейін ауқымды тергеу жұмысы жүріп жатыр

Каспий теңізіндегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі трагедиядан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғадан кейін ауқымды тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Ішкі істер министрлігі агенттік тілшісіне ресми пікір білдірді.

«Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген ІІМ түсініктемесінде.

Белгілі болғандай, ол соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз суға кетіп, қаза тапқаны хабарланған.