Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды ұстап берді
Қазақстан аумағында түрлі қылмыс жасап, Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен үш адам елге қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінше, олардың бірі 2019-2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанада халықаралық орталық салуға арналған жер учаскесін алуға көмектесетінін айтып, клиентінің 368 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен.
БАӘ-ден қайтарылғандардың бірі Алматыда қарақшылық шабуыл жасап, бөтен біреудің денсаулығына ауыр зиян келтірген және 100 мың теңгеден асатын жеке мүлкін тартып алған.
Ал үшінші күдікті биыл жазда Астана қаласында жүріп, Қытай азаматының 24 200 АҚШ долларын ұрлады деген күдікке ілінген, бұл аса ірі мөлшерге жатады.
«Олар қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен олардың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүргені анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қайта басталды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.