Өскемендегі дәмханалардың бірінде ер адам өзіне ескерту жасаған полицейді ұрып өлтірді

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 4 қазанға қараған түні болған

Фото: Azattyq Rýhy

Өскеменде дәмханалардың бірінде отырған полиция қызметкерін өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгелерге кедергі келтірген. Полиция қызметкері оған ескерту жасаған. Алайда ол тәртіп сақшысына тап беріп, соққыға жыққан.

«Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған», – делінген ПД хабарламасында.

Полицияның дерегінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.