Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Дене жарақатын келтіру және қорқыту фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: скриншот

Талдықорған полициясы әйеліне дене жарақатын келтіріп, пневматикалық қарумен қорқытқан қала тұрғынын ұстады. Жәбірленуші әйел кішкентай баласымен бірге шұғыл түрде дағдарыс орталығына орналастырылып, арнайы көмекке қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 қазанда Талдықорған қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан дабыл түскен. Әйел адам отбасылық жанжал кезінде күйеуінің өзіне күш қолданып, денсаулығына зақым келтіргенін әрі өміріне қауіп төндіргенін хабарлаған.

Шақыру бойынша жеткен полиция қызметкерлері агрессивті ер адамды ұстап, одан пневматикалық қаруды тәркіледі. Дене жарақатын келтіру және қорқыту фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Медициналық тексеруден кейін полицейлер ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Оларға психологикалық және құқықтық қажетті көмек көрсетілуде. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін аталған азаматшадан полицияға ешқандай арыз-