Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 700 мың теңге пара алды деп айып тағылған

Фото: Батыржан Беспаев

2020 жылдың 27 шілдесінде Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Е. Исабек пен осы басқарманың бөлім басшысы Д. Абдуллаеватың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Н. Исабек Түркістан облысының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» МҚКК-ға басшы лауазымына тағайындау үшін делдал Д. Абдуллаевадан 700 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

Нұрдәулет Еркінұлы Исабек 2019 жылдың 7 ақпанында Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын.

Нұрдәулет Еркінұлы 1974 жылы 29 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Сұраншы батыр атындағы ауылда туған.