Қарағандыда көпқабатты пәтер өртенді: бір адам құтқарылды
Оқиға Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында болған
Қарағандыда бес қабатты үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде құтқарушылар бір адамның өмірін аман алып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында тілсіз жау одан әрі таралған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы дабыл түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде пәтер ішіндегі үй заттары, жиһаздар мен тұрмыстық техниканың жанып жатқаны анықталды.
Барлау және сөндіру жұмыстары кезінде ТЖМ мамандары түтінге тұншыққан пәтер ішінен ер адамды тауып, оны дереу қауіпсіз жерге шығарды. Аман қалған азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.