Талдықорғанда TikTok-та отырып, боқтаған әйел полицияның алдынан бір-ақ шықты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айту қоғамдық тәртіпті бұзғанмен тең
Талдықорғанда әйел адам TikTok желісінің тікелей эфирінде отырып, бейәдеп сөздер айтқаны үшін полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері анықтай келе елдің алдына шығып, боқтаған әйел 32 жастағы жергілікті тұрғын Айдана Мырзағали екенін белгіледі.
«Талдықорған қаласының соты әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл салды. Полиция әлеуметтік желі көпшілікке қолжетімді ашық кеңістік екенін еске салады. Сөз бостандығы заң талаптарын бұзуға және қоғамға жат әрекеттер жасауға жол бермейді», – делінген ПД хабарламасында.
Полицейлер әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жарияланған контентті кәмелетке толмағандар да көретінін еске салды.