Қазақстанда пойыз билеттері 10%-ға арзандады

Жеңілдік барлық вагон түрі мен қала маңындағы пойыздарға қолданылады

Қазақстанда пойыз билеттері 10%-ға арзандады
Фото: «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанда 1 қазаннан бастап теміржол билеттерінің құны 10%-ға төмендеді. Жеңілдік 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚТЖ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 10%-дық жеңілдік компания пойыздарындағы вагондардың барлық түріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға да қатысты.

Билеттерді жеңілдетілген бағамен bilet.railways.kz сайты және теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.