Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Фото: Видеодан скрин

Ақтауда полиция қызметкерлері 22 жастағы жас жігітті қолға түсірді. Оның есірткі саудасына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні қолға түсіру операциясы 24 қыркүйек күні иісшіл иттің көмегімен түнгі уақытта қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде жүргізілді.

Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-бөлігі бойынша есірткі қылмысына қатысты айып тағылды. Оның негізінде 5-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Жас жігітті қолға түсіргеннен кейін полиция қызметкерлері тұратын үйіне тінту жүргізді. Үйін тінту барысында димедрол дәрісінің амплуалары, беймәлім сұйықтықтар және марихуан қолдануға арналған ыдыстар табылды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу ісі жүріп жатыр.