1 қазанда бірнеше өңірде жаңбыр жауып, үсік жүреді
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы нөлден төмендейді
Қазақстанда 1 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кейбір қалаларда жаңбыр жауады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Шығыс пен солтүстікте үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +6...+8 °C, күндіз +16...+18 °C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +12...+14 °C, күндіз +24...+26 °C болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +12...+14 °C, күндіз +18...+20 °C болады.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +4...+6 °C, күндіз +20...+22 °C болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +12...+14 °C, күндіз +23...+25 °C болады.
Атырауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +6...+8 °C, күндіз +21...+23 °C болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +6...+8 °C, күндіз +19...+21 °C болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +8...+10 °C, күндіз +16...+18 °C болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +6...+8 °C, күндіз +16...+18 °C болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3...+5 °C, күндіз +20...+22 °C болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +8...+10 °C, күндіз +23...+25 °C болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +12...+14 °C, күндіз +24...+26 °C болады.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3...+5 °C, күндіз +16...+18 °C болады.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +4...+6 °C, күндіз +17...+19 °C болады.
Семейде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 °C, күндіз +18...+20 °C болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +5...+7 °C, күндіз +23...+25 °C болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +11...+13 °C, күндіз +18...+20 °C болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +13...+15 °C, күндіз +20...+22 °C болады.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3...+5 °C, күндіз +17...+19 °C болады.
Өскеменде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 °C, күндіз +18...+20 °C болады.