Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. 12 облыста өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады

Фото: istockphoto.com

1 қазанда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кейде 23 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 18 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстігі мен шығысында секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз секундына 15–20 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.