Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінісі болды. ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13 сағат 53 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.
«Есептік қарқындылығы Нарынқол ауылы 2-3 балл., Кеген ауылында 2 баллды құрады. ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді», – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.
Ведомство мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.