Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті

Автор: Дәулет Ботагөз

Фестивальге өңір студенттері қатысты

Фото: © istockphoto.com

Абай облысында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Этнохалық» этнофестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фестивальге өңір студенттері қатысты. Мәдени іс-шара барысында жастар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы ән айтып, би билеп, өз өнерін ортаға салды.

Бағдарлама аясында ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға, жастардың бастамаларын қолдауға, ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етпек.