26.09.2026, 17:32
Жаңалықтар
Өскеменде жол ортасында видео түсірген азамат жазаланды
Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты
Фото: ІІМ
Өскемен қаласында әлеуметтік желіде көп қаралым жинауды көздеген жергілікті тұрғынның әрекеті заң бұзушылықпен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде блогерлердің тасжолдың қақ ортасына үстел мен орындық қойып, көліктердің белсенді қозғалысы кезінде бейнежазба түсіріп жатқан кадрлары тараған болатын.
Шағымдар мен желідегі видеодан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары халықты әлеуметтік желідегі танымалдылық пен әсерлі кадрлар үшін өз өмірлері мен өзгелердің қауіпсіздігін қатерге тікпеуге шақырады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды